Мекеме сымтетігі: 8-72-77527-0-23 эл.почта: Nurshuak_2014@mai.ru
Алматы облысының білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Нұршуақ» бөбекжай балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
- Білім беру ұйымы туралы жалпы мәліметтер.
1). Білім беру ұйымының толық атауы:
Құрылтайшысы: Алматы облысы білім басқармасы
Кәсіпорынның мемлекеттік басқару органы: Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімі.
Салынған жылы – 1993 жыл
Жоба қуаттылығы (орын) -100
Ғимарат 1/2 қабатты.
Күрделі жөндеуден өткізіп, қолданысқа берілген жылы – 2014жыл
Жалпы алаңы – 861,02 м 2
Жер көлемі – 0,1900га
Бөлмелердің саны – 51
Оқыту тілі : Мемлекеттік қазақ тілі
Мектепке дейінгі ұйымның аттесттатауға бірінші ұсынылуы
Жұмыс ұзақтығы – 5 күндік, 10,5 сағат.
Балабақшадағы топ саны -4 топ
Тәрбиеленушілер саны –100 .
2). Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен-жайы және нақты орналасқан жері): индекс: 040444 Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйдібек би ауылы М.Байболов көшесі, №142 В
3). Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық поштасы, web-сайт, Instagram, Facebook ):
Телефон, факс - –87277527023
Электрондық поштасы: Nurshuak_2014@mail.ru
web-сайт: https:// nurshuak-enbekshi.testim.kz
Facebook: https://www.facebook.com/profile.php?id=100043384990445
4). Жарғы, БИН 140440022677 тіркелген күні 18.04.2014 жыл, Алматы облысы Әділет департаментінің Еңбекшіқазақ ауданының Әділет басқармасы 04.07.2014 жылғы №172 қаулысымен бекітілді
5) Рұқсат беру құжаттары:
- Тұрақты жер пайдалану құқығын беретін актісі, кадастрлық нөмірі № 0700193
- Техникалық паспорт.(Н-2)
Кадастрлық №03-044-102-010 Түгендеу №1707
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламалар берілген.
Ғимараты ыңғайластырылған , 2 қабатты,қабырғасы кірпішті, шатыры – шифер ,едені ағаш тақтай. Балабақшада 4 топ : киім ауыстыратын, оқу-ойын бөлмеден, жатын, жуынатын,ыдыс жуатын бөлмеден тұрады. Сонымен бірге біріктірілген музыка мен спорт залы, асхана, әкімшілік бөлмелері, медицина , кір жуатын бөлмелер мен қоймалар бар.Электр жүйесі орталықтандырылған, жылу жүйесі тас көмірмен жылынады.Балабақша ауласы көгалдандырылған . Әсемдік , жеміс ағаштар мен гүлзарларға күтім жасалуда , 15 туп шырша ағаштары жайқалып өсуде .Балабақша учаскесінде спорт алаңы мен әрбір топқа арналған едені тақтайдан болған саяжайлар бар, олар ойын құралдарымен жабдықталған. Медицина бөлмесі балаларға антропометриялық өлшеулерін анықтайтын құралдармен қатар сауықтыруға арналған медициналық құралдармен және дәрі-дәрмектермен жабдықталған.
- Жас ерекшеліктеріне қарай, оқыту мен тәрбиелеу қазақ тілінде жүргізілетін 4 топ жұмыс жасайды:
- -«Айгөлек» ортаңғы топ 3 жастан бастап оқыту мен тәрбиелеу қазақ тілінде;
- -«Қарлығаш» ересек топ 4 жастан бастап оқыту мен тәрбиелеу қазақ тілінде
- -«Балапан» ерсек топ 4 жастан бастап оқыту мен тәрбиелеу қазақ тілінде;
- -«Балбөбек» мектепалды топ 5 жастан бастап оқыту мен тәрбиелеу қазақ тілінде;
2022- 2023 оқу жылына “ Білім беру мазмұнының жаңару аясында мектепке дейінгі ұйымдардағы балаларды біліктері мен дағдыларының құзыреттілік деңгейін жоғарлату.” тақырыбында төмендегі мақсат пен міндеттерді қояды:
Мектепке дейінгі ұйымның негізгі міндеттері:
- Әр баланың жеке қабілеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жайлы дамытушы қауіпсіз ортасын, оның ішінде инклюзивті орта құру;
- Балалардың өмірін қорғау және денсаулығын нығайту, салауатты өмір салты негіздерін, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыру;
- Тәрбиеленушілердің қимыл-қозғалыс, бейімделу, коммуникативтік, эмоционалдық әлеуметтік, когнитивтік дағдыларын қалыптастыру;
- Отанды, ана тілін сүюге,ұлттық бірігейлік пен азаматтық негіздеріне және патриотизмге баулу;
- Баланың мектепте оқуға физикалық, психологиялық, эмоционалдық, әлеуметтік дайындығын қалыптастыру және тең бастапқы мүмкіндіктер беру.
- баланың эстетикалық сезімдерін, музыка, көркем-тіл, бейнелеу іс-әрекетіндегі шығармашылық қабілеттілігін дамыту.

